Еңбегі адал – жас өрен
2026 жылғы 16 қарашада «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын іске асыру аясында және Халықаралық студенттер күніне орай колледжімізде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Н.С. Кушербаевтың ұйымдастыруымен «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында дартс спорт түрінен жарыс өткізілді.
Жарысқа колледж студенттері қатысып, өздерінің дәлдігін, ептілігін, төзімділігін және жеңіске деген жігерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы:
Ұлдар арасында:
I орын — Хамзин К.К.
II орын — Миронюк К.И.
III орын — Трофимов А.В.
Қыздар арасында:
I орын — Мантурова А.В.
II орын — Волкова К.А.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барша қатысушыларға зор денсаулық, толағай табыстар және спорттық жетістіктер тілейміз!



